Бұрнағы күні «МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салоны басталды. Бұл көрмеге тәжірибе жинақтау және ұйымдастыру әдістерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қатысуда.
«МАКС-2015» XII халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының аясында республика Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов «Ростех» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Сергей Чемезовпен, «Рособороноэкспорт» бас директоры Анатолий Исайкинмен, сондай-ақ, «Иркут» корпорациясының президенті Игорь Демченкомен және «Ресей тікұшақтары» ААҚ бас директоры Александр Михеевпен кездесті. Кездесулер отандық қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында өткізілді.
Авиасалоннан авиатехниканың әскери және азаматтық үлгілерін және оған қатысты материалдарды, сондай-ақ, тәжірибелі ұшу аппараттары мен әскери жиынтықтарды көруге болады. Көрмеге барлығы 800-ден астам компаниялар мен ұйымдар қатысуда. Осындай ауқымды іс-шараның көрші елде өтуі алдағы кезде Астанада болатын «KADEX-2016» халықаралық көрмесін өткізуге тәжірибе жинақтау үшін айтарлықтай маңызы бар.
«Біз «KADEX» көрмесінің ерекше, сирек өтетін ерекшелігі болғанын қалаймыз. Оның көп жоспарлы құрылымы бар. Көрмеде тек авиатехника жасайтын авиашоу ғана емес, сонымен бірге, құрлық әскерлері және теңіз әскерлері өзінің қару-жарағы мен бар қуатын көрсетеді. Бұлардың бәрі кез келген көрмені ұйымдастыру үшін аса маңызды», – деді республика Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Бақыт Құрманбаев, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.
• 27 Тамыз, 2015
«МАКС-2015» ұйымдастыру элементтері «KADEX-2016» көрмесінде қолданылатын болады

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15